деп хабарлайды Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы.
«Ақтөбе қаласының соты Қазақстанда электр тоғымен жарақталған қармақтарды жасаудың тәсілдерін көрсеткен 15 сайтты жабу жөніндегі Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының арызын қанағаттандырды», - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы былтыр 33 тексеріс жүргізген. Олардың нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 289 фактісі тіркелген.