"Биыл наурыз айында Тоқтағұл суқоймасындағы судың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 600 млн текше метрге қысқарды", - деді С. Балқыбеков.
Ол қазір суқоймада 6,5 млрд текше метр су бар екенін және оның өткен жылғы осындай уақытпен салыстырғанда 4 млрд текше метрге аз екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, Тоқтағұл суқоймасының ең төменгі деңгейі 5,4 млрд текше метрді, ал ең жоғарғы деңгейі 19,5 млрд текше метрді құрайды.