Челах пен Жоламановты соттаған судья Тоқтар Төлешовтің ісін қарайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот Тоқтар Төлешовке қатысты сот отырысы басталды. Іс материалдарына сәйкес, мемлекеттік құпиялар мен мәліметтер болғандықтан процесс жабық түрде өтеді.
Тергеу жұмыстарымен ведомствоаралық ҰҚКжәне ІІМ қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы айналысқан. Бүгін сотта адвокаттар да, куәгерлер де БАҚ өкілдеріне сұхбат беруден бас тартты.
Сот ғимаратында істі Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың қылмыстық істер бойынша судьясы Ербол Ахметжанов қарайтын болады. 2015 жылы наурызда ҚР ҰҚК шекара қзметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жұлмановқа үкім шығарған болатын. Сондай-ақ судья Ахметжанов 2012 жылы Владислав Челахтың ісін қарап, өмір бойыға бас бостандығын айыру жазасын кескен болатын.