Тоқтар Төлешовтің ұлы шартты жазамен бостандыққа шықты

Судья Төлеген Төлешовке 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесіп отыр. Ол сот залынан босатылды.

Айта кетейік, Төлешов ісі бойынша барлығы 26 адамға бүгін үкім оқылуы тиіс. Олардың қатарында генерал Хибратулла Досқалиев пен Бас прокурордың экс-орынбасары Ілияс Бақтыбаев та бар.

Ал, 21 жылға соталған Тоқтар Төлешов Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты деп танылып отыр. Сотта оның аса ауыр қылмыстар жасағаны дәлелденген.