Төреғали Төреәлі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде әкесінің көлігі өртенгенін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші тәртіпсіздіктер кезінде Әзербайжанда болғанын айтты. "Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалып қойған еді. Аласапыран болып жатқанда біз Әзербайжан елінде жүргенбіз. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап алаң болған еді. Сонда, "дүние жүрегіне кірмеген екен ғой" деп қуанғаным рас", - деп жазды әнші Instagram-да.

Десе де күні кеше Төреәлі Әлихановқа қызы мен күйеу баласы су жаңа көлік сыйлапты. 


"Кеше ғана Қосбатыр атаны алып (қайын атасы) кіші қажылыққа барып келіңдер деп "Умраға" жолдама сыйлаған ғой әкем. Көп ұзамай Дархан (күйеу баласы) осындай керемет көлік сыйлап жатыр.

"Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді". Сүйеу болар осындай күйеу балалар баршамызға жұғысты болсын ағайын!" - деді әнші.