Төреғали Төреәлі болашақ күйеу баласымен танысты

Танымал әнші Төреғали Төреәлі қарындасына ұсыныс жасаған жігітпен кездесті, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Дзюдошы Дархан Нортаев өзінің Instagram-парақшасында болашақ қайын жұртымен танысқанын мәлімдеді. Ол Төлеповтер отбасымен ресми түрде күйеу бала ретінде танысқан. 

«Осындай керемет отбасымен танысқаныма Аллаға шүкір етемін», - деп жазба қалдырған Нортаев.


Пікірлер арасындағы Төреғалидің кіші қарындасының «Жезде красавчик» деген сөзі дзюдошының осы отбасыға күйеу бала болатындығын растады.