Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасова тағы да дуэт жазды

Ел көңілінен шыққан жұлдызды жұп «Тамшылар» деп аталатын жаңа ән жаздырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жаңа әннің алғашқы видеосын желіге Фариданың анасы Айған Жолдасова жүктеді. Ол әннің жарыққа шығуына атсалысқан жандарға ризашылығын білдірді. Әннің сөзін ақын Қайнар Алагөзов жазып берген. Естеріңізде болса, жуырда нәрестелі болған ақын досына Төреғали Gelandewagen автокөлігін сыйға тартқан еді. Ал әннің авторы – Ұлықпан Жолдасов.


Loading...

Loading...