Төреғали Төреәлі: Қазақ тілінде сөйлеу – міндетім

Ұлы дала баласы тыңдармандарына «Қазақ тілі» әнін ұсынды. Өз кезегінде әнші қазақтығын дәріптеуді мақсат, ал өз тілінде сөйлеуді міндет тұтатынын жасырмады.

«Шындығында, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту ұлы Абайды, xан Абылайды, Жиреншедей шешенді, Бұқардай жырауды, тілмар тариxты ұмыту деп білемін. Ана тілін білмеген – қалықтаған қыранның қанатын кескенмен тең деп айтар едім. Қазақ тілі «жүрегім қазақ» деген әр бір жұмыр басты пенденің жүрегінде патшалық құруы тиіс. Қылыш қанжар секілді сойып түсер тәтті тілім түркі xалықтарының ішендегі ең суретшіл, ең образды тіл екенін ескергеніміз абзал.

Өзіміз ақсаңдап жүргенде, ана тіліміздің ақсаңдауы аяқтың сүрінуіне себеп болып жүрмесінші. Тұғырында тұрған тілді, тұрағынан тайдыруға xақым жоқ. Мақсатым – қазақ екенімді дәріптеу, міндетім – қазақ тілінде сөйлеу. Өзге тілдің бәрін білген жақсы, өз тіліңді құрметтеу парыз, сөйлеу міндет. Шұбарланған тілден, шала қазақ діннен сақтасын Алла! Дініміз – дүдәмәлдау, тіліміз – тіпті амалдау болып жүрмесін деген тілек мендегі», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.