Төреғали тілшімен төбелесіп қала жаздады. Шымкенттегі кілем фабрикасына қонаққа келген «Ұлы дала баласы» ашуға бой алдырып, жергілікті БАҚ өкілдерін тілдеп кетті. Ал, әншінің әкесі әрі продюсері ұлына басу айтудың орнына, дөреклік танытып, журналистерді ғимараттан қуып шықпақ болды, деп жазған болатын kk.tvk-uko.kz сайты. Әйтседе, қазір Төреғалидің ондағы бейнесюжеті әлеуметтік желіден қайтадан алынып тасалған. Бұл туралы Caravan.kz сайты хабарлады.
Көпшілік Төреғалидің "жұлдыз ауруына" шалдыға бастағанын жазып, әншінің бұл қылығына өкініш білдірген.
Дегенмен әлеуметтік желілерде көпшіліктің ойы екіге жарылады. Бірқатар оқырманадар сұхбат алмақ болған тілшінің өзін кінәлап отыр. Кейбірі әншіге "қолыңды артыңа қоймасаңшы" деп бұйыра сөйлеген жас тілшінің сөзін дөрекілікке балапты.
"Этика деген жоқ, бұйыра сөйлеуге қандай хақысы бар", деп жалғапты фейсбук қолданушылары.
Енді бірі Төреғали Төреәлінің кілем алғаны да жаңалық па, десе Ақ Ерке есімді оқырман "әншілер туралы жаңалықтар жалықтырып жіберді, басқа тың нәрсе ойлап табыңдаршы", деп өтініш айтыпты журналистер қауымына.