Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Адвокаттары Төреғалидің арақ пен есірткі қолданбағанын дәлелдеп қана қоймай, әншіні ұрып жықты деген полицейлерді де жазаламақшы.
"Машинадан сүйрелеп, жерге, бетонға, асфальт жолға басымен жерге құлатып, барлық полиция қызметкері жабылып, қылмыскер, ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстағандай, қылмыскер ретінде көрсету арқылы әрекет жасады. Ол полиция тарапынан заңсыз болып саналады. Соның салдарынан Төреғали ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Себебі басынан қатты соққы алған. Денесінен қаншама жарақат анықталды".Әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев