Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бүгін Алла қалауымен Рамазан айы бітті, Айт мерекесі және менің туған күнім. Бұл ай мен үшін тосынға толы болды, түрлі жайттардан біраз сабақ алдым, өмірім жайлы, өзім жайлы көп ойландым. Үлкен және жаңа өмірге қадам басып, Алла қалауымен орамалға келдім 🥰
⠀
Туған күнімді ерекше ұйымдастырып, ұмытылмастай тосын-сый жасаған жарыма шексіз рахмет! Нью-Йорк.. круизда кешкі ас.. бағалы сыйлықтар.. гүл шоқтары.. және тек екеуміз. Бәрі түс секілді, Алланың берген әр нығметіне іштей шүкіршілік етіп көңілім босады. Бір жыл бұрын осындай өмір күтіп тұрғанын тіпті елесете алмас едім, шүкір етуден шаршамаймын. Жыл сайын туған күндерім бірінен-бірі өтуде, мені қуантуға тырысып жатқан жарыма Алла разы болсын!
⠀
Өмір сыйлаған ата-анама рахмет! Ата-анамыз, бауырларымыз аман, дені сау, жарым қасымда.. альхамдулиллях мен өзімді бақытты сезінемін.
⠀
Қарап тұрсам, бір жыл өте шығыпты. Былтыр ғана осы күні әлемдік оқу орындарынан шақырту алып едім, ал бүгін Нью-Йоркта.. Әрқашан өзіме есеп беремін, және бір жыл бойы тынбай еңбек еткен, ештеңеге қарамай алдыға жүрген, мақсатына қарай жүгірген Фаризаға ерекше алғыс айтамын. Мен өзіме тіпті алғыс айта алмайтын адам екенмін, іштей ризашылық білдіруге үйреніп жүрмін", - деп жазды Фариза Төреәлі.