Төреғалидың адамдары тарапынан Асхат Садырбайды қорқытып-үркіткен кім?

Төреғали Төреәлінің адамдары тарапынан жасалған тағы бір былық әшкере болды. Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы бұзық әнші жағындағы адамдардың Асхат Садырбайға не деп айтқаны жайлы аудиожазба ұсынды, деп хабаралды Caravan.kz медиа-порталы.

«Төреғали Төреәліні мен ғана жазғандай тегі, барлықтарыңыз сыртымнан ғайбат пікірлеріңізді аямапсыздар. Бар жазығым сахнаны сыйламайтын кім еді ол деген сұрақ қойдым. Төрештеріңіз хейтерлерді аямай жинапты. Қарша боратып жатыр мен туралы жағымсыз пікірлер.

Журналистердің ішінде Дана Нұржігіт, Ермұрат Бапи ағамыз да әншінің бұл ісін құптамады.

Әзірге мен Төрештеріңіздің ұялып, кешірім сұрап тұрған түрін байқамадым. Әлі де "мен, мен" деп өршігіп барады. Халықты итке теңеп, қазақтың шалдары құтырған деп есіріп тұрған әпендіні байқадым. Бұл жігіт өзіне өте көп алады екен. Журналистерді көзіне ілмейді. Егер сол журналистер болмаса, бұны кім танитын еді? Халыққа әнін тыңдатып, эфирден көрсетіп, танымал еткен менің әріптестерім! Семіздікті қой ғана көтереді деген осы. Сахнаға қызара бөртіп шығып, екі қолын сермеп қояр емес, әкесіндей емес, атасындай қарияға: "енек" дегені қай сасқаны?!

Кешірейік деп қояды бір кісілер. Жүріңдер сол әрқайсысын кешіріп. Еркелігі ғой, балалығы мен шалалығы дейтіндей бозбала емес. Екі баланың әкесі. Дап-дардай жігіт ағасы. Егер дәл осындай жайт Еуропада, әлде мына тұрған Ресей мен Өзбекстанда болсын, қызанақ, жұмыртқа лақтырып елден қуып шығар еді.

Тағы айтамын. Қарияның не айтқанында шаруам жоқ. Ол кісі бар болғаны суын ішіп, ауызы көпіріп сөйлеп, сахнада емес тойда жүргендей болған әншіге ызалы болды. Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. "Шығарып жіберіңдер" деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал, бұл болса "шал, шал" деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін шығаруда»,-деді тілші.