Төреғалиға сын айтқаны үшін Талғат Жорабаевты қорқытқан адамды ҰҚК қызметкерлері анықтауға кірісті

Осыдан біраз уақыт бұрын тілші әлдебір лауазымды адамның әншіге қоқан-лоққы көрсеткен сөздері жазылған аудио-жазбадан үзінді жариялаған еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл жол Бибігүл Дәулетбекқызы аудио таспаның толық нұсқасын жариялады.

“Бұл аудиожазбаның толық нұсқасын көпшілік есту керек деген шешімге келдім. “Алматы облысы Ұлттық Қауіпсіздік Департаментінің бірінші орынбасары Базарбаймын”,- деп таныстырған бұл кісіні бүгінде комитеттің жігіттері қолға алуда. Жаңа Жылдан соң бұл дауға нүкте қойылады деген болатын. “Әнші Алтынай Жорабаеваның інісі жас әнші Талғат Жорабаевты қорқытқан бұл кісі кім болды екен?”,- деген сұрақ оларды да алаңдатуда. Олар: “Бүгін біздің атымыздан қорқытады, ертең тағы бір үлкен кісілердің есімімен жүреді ғой”,- деп ашулануда. Ал, шын мәніндегі Базарбай деген “үлкен посттағы” кісі шетелде жүр. Ол Талғатқа өткен жолы WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалып, қорықпауға шақырды.

Біле білсеңіздер, осы даудан кейін маған көптеген әншілер шықты. Әріптестерінің көңілi Төреғали Төреәліден баяғыда қалған екен”, – деп жазды журналист.

Еске салсақ, әнші Төреғали Төрелі Павлодарда өткен концертте әлдебір қарияға дөрекі сөздер айтып, залдан қуып жіберген болатын.

Ескерту! Жазбада бейәдеп сөздер кездеседі!