Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ол оқырмандарына “төркінің қамын жасар алдында күйеуінің рұқсаты керек пе, жоқ па?” деген сауал қойды.
“Төркініңізге бір дүние алып беретін кезде күйеуіңізден тек жазу арқылы сұрайтындарыңыз бар ма? Ауызша айтқаным ешқашан өткен жоқ. Ойлап қарасам, жазба арқылы сұрағандарым қабылданыпты. Жасы үлкен апайлар, айтыңыздаршы, неше жастан бастап сұрамай жасай беруге болады?”, – деп жазды Жазира.
Өнер иесі өз сөзінде жаман келін екенін да айтып қалды.
“Төркініне бергісі келіп тұратын жаман келінмін. Ал төркініне таси бергісі кеп тұратын жақсы қызбын”, – делінген жазбада.
Loading...