Бұл туралы "Спорт Экспресс" ақпаратына сүйеніп, Vesti.kz хабарлады.
Бұл жайт Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуінде "Атлетико" және "Реал" (2:1) қарымта ойынында болды. 2:1 есебімен жең тұра Торрес португалиялықтың әрекетіне наразы болып, оған былай деді: "Не болды?" Содан кейін Торрес қарсыласын итеріп жіберіп, сайқымазақ деп атады.
Криштиану Роналду Торреске былай деп жауап қайырды: "Үйіңе қайт, ақымақ". Осы кезде жанжал ортасына бас төреші Джюнейт Чакыр кіріп екеуін ажыратып жіберді.
Еске салайық, "Реал" Чемпиондар лигасының финалына қатарынан екінші рет шығып отыр.