Төрт аю шоколадтан уланып өлді

Өткен жылдың қыркүйек айында аңшылар 45 келі шоколад пен бәлішті жем ретінде қойған аумақтан бірнеше метр жерде екі аю мен екі қонжықтың өлі денесін табылды. 

Нью-Гэмпшир Университетінің қызметкерлері арнайы зерттеу жүргізіп, аюлар жүректің тоқтауынан өлгенін анықтаған. Оған какао құрамында болатын теобромин затының көп мөлшерде пайдаланылғаны себеп болған.

Штаттың аң аулау және балық аулау департаментінің өкілдері осыған байланысты жем ретінде шоколадты пайдалануға тыйым салатын заңның қабылдануын сұрайтынын мәлім етті.


2014 жылдың аң аулау маусымында Нью-Гэмпширде 784 қара аю өлтірілді. Штатта шамамен 4,8 мың аю мекендейді екен.