"Төрт баламен оңай емес, бәрі жақсы болсын": Әнші Бүркіт әйелі туралы мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды.

"Латифамызды құшақтап алып, балаларды тастап, өзіміз кеттік демалысқа. Аз уақыт болса да Аиша кішкене бой жазып, демалсын деген ой болды. Төрт баламен бәрібір оңай емес, анауы мында жүгіреді, екіншісі анда жүгірсе, үшіншісі киінгісі келмейді! Төртіншіміздің памперсін ауыстырып үгермей жатса…. Өмір ғой. Өмір осымен қызық! Бәрі жақсы болсын!", - деп жазды ол.