Төрт күннің ішінде «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша 600 ақтөбелікпен келісімшарттар жасалды

Оған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ трансферагенттік қызметтер көрсететін «Қазақстан халық банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының, «МұнайГазДем» Зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Актөбе филиалының, «Қазпошта» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, «Халықтық IPO» бағдарламасының іске асырылуының алғашқы нәтижелерін «Қазақстан халық банкі» АҚ АОФ директорының орынбасары Мейіржан Бекмұханбетов пен «Қазпошта» АҚ АОФ-ның директоры Серік Берденов жариялады.

Жалпы алғанда шараның 4 күнінде акцияларды сатып алу бойынша Халық банкінің қызметіне 18 адам жүгінді, ал «Қазпошта» әлеуетті халықтық акционерлермен 600-ге жуық келісімшартты рәсімдеді.