Төрт қазақстандық боксшы финалға шықты

Алғашқы жолдаманы 49 келі салмақ дәрежесінде  Шалқар Айдынбай еншіледі. Ол жартылай финалдық бәсекеде Үндістан боксшысы Шуан Какарудан 2:1 есебімен басым түсті.

Тап осындай есеппен тағы екі қазақстандық - Сұлтан Зауырбек (56 келі) Ұлыбритания спортшысы
Петер Макграинды, ал Вадим Казаков (81 келі) норвегиялық Вегар Трегренді ұтты.

Абылайхан Жүсіпов (60 келі)
 болса, өзбек боксшысы Икболжан Холдоровты айқын басымдықпен
жеңді - 3:0.

Финалдық жекпе-жектер ертең, 25 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.