Төрт қазақстандық ЖОО Қонаевқа көшеді


Аталған құжатқа облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, министр С.Нұрбек және Қордың директоры Ж.Рахмани қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл уағдаластыққа ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қонаев қаласында «Қонаев академиялық қалашығын» салу жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізіліп отыр.

Келісім шеңберінде Қалашық аумағына 2023-2024 жылдарда толық инфрақұрылым жүргізу, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржылар тарту арқылы 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін көшіру (1-кезеңде) және шетелдік төрт университетті ашу (2-кезеңде), ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ-үйлер салу, жұмыстары атқарылатын болады.