"Төрт рет тұрмысқа шықтым деп өзім-ақ айтам" Ақбота Керімбекова бар шындығын жайып салды

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы "Oybay show" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұхит Сапарбаевпен өткен сұхбатында Ақбота Керімбекова ашылып сұхбат берді.

Өмірде нені кешіре алмайсыз деген сұраққа: "Өмірде ең жек көретін кешіре алмайтын нәрсем ол - өтірік айту" -деп жауап берді.

- Ақбота Керімбекова төртінші рет тұрмысқа шықты деген сөз қаншалықты рас?

- "Осындай әңгімелерді кім таратады екен соны түсінбеймін. Мүмкін қасымда жүрген адамдар шығар. Біреу қате түсініп қалып арты-артынан өсекке айналып айтылатын шығар. Мен төртінші рет тұрмысқа шықсам өзім-ақ айтамын жасырмаймын. Өйткені ол менің өз өмірім.Менің бақытым, менің қызығым, менің шыжығым. Мен оны не үшін жасырамын. Мен төртінші рет тұрмысқа шыққан жоқпын."- деп жауап берді.


"Әрине жалғыздық Аллаға жарасқан. Кім болса да өз жүрегінің жартысын тапқанын қалайды. Ол уақыттың еншісінде, сол себепті мен мынандай жігіт армандаймын, күтемін деген жоспарымда жоқ." - деп қауесетке нүкте қойды.