Төрт тәулік бұрын Бородино көлінде суға батып кеткен 30 жастағы балықшының мүрдесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында төрт тәулік бұрын Искра ауылы аумағындағы Бородино көлінде суға батып кеткен 30 жастағы балықшының мүрдесі табылды.

Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметінің 4 адамы мен 2 техникасының көмегімен шығарылды.