"Төрт жері сынды": Лифтіде соққыға жығылған әйелдің видеосы тарады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Немолчи.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.  

"Осы жылдың наурыз айында, нақытрақ айтсам, 27-не 28-не қараған түні күйеуім Байметов Елнұр маған қасақана күш қолданды. 4 жерден  сынық жарақатын алдым. Денсаулығыма қастандықпен келтірілген зиян сот-медициналық актінің сараптамасымен де, басқа да медициналық құжаттар бойынша расталды. Өз арызымда және жауап алу хаттамамда, сонымен бірге, беттестіру кезінде анықтаушы Ғани Асқаров мырза өкілдік еткен Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция бөлімінің анықтау органының назарын осы мәселеге аудардым. Күйеуімнің аса қатыгездікпен, аяусыздықпен қасақана ұрғанын басып айтқым келеді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 107 бабының 2 бөлігінің 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Лифтте ұрып-соғу нәтижесінде тоқпан сүйек пен қабырғаларым сынды, сонымен қатар, омыртқам сынды. Лифттен шығып келе жатқанымда кенеттен арт жағымнан қолмен желке тұсымнан соққы жасап, есімнен талдырды. Бұл қылмыстың бірінші эпизоды. Содан соң, аяусыз ұрып-соғу жалғасты, дейді зардап шегуші. 

Видеодан ер адамның келіншекті жатқызып алып тепкілеп жатқанын, тұрғызып алып жұдырықпен ұрып жатқанын көруге болады.

Соққыға жығылған әйел күйеуінің біренше рет қасақана соққыға жыққаны туралы 28 наурыз күні таңертең полицияға арызданғанған. Тіпті, көршілердің айғақтарын да тергеуші елемей отырғаны туралы айтты. 

"Күйеуімнің екінші рет ұрып-соққанына анықтаушы әдейі үнсіз қалып отыр. 

Анықтаушы менің күйеуімді, яғни күдіктінің қылмысын қайталағаны үшін жауапкершіліктен қасақана алып тастады. Анықтаушының өзінің тікелей міндеттерін бұзуының тағы бір өрескел фактісі – күйеуімді 28 сәуірде күдікті деп тану туралы шешім қабылданған сәттен бастап 14 мамырда осы сапада жауап алынғанға дейін екі аптадан астам уақыт өткен. Осы уақытқа дейін  қаулымен де, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен де танысқан жоқпын...", деп жазды ол.