Торттағы жаңқа үшін супермаркет 164 мың теңге төлейтін болды


Қыздың тамағындағы жаңқаны дәрігер алып шыққан. Дәрігердің пікірінше, қыздың көрер жарығы бар екен. Әйтпесе бұл өңеш пен ішекке түскенде бала жан тапсырар еді.   

Санитарлық эпидемиологиялық бақылау маманы Әсемгүл Сүлейменованың сөзіне қарағанда, супермаркет наубайханасын тексергенде кондитерлік өнімді дайындау технологиясында ақаулықтарды анықтап, цехтың жұмысын тоқтатпақ болған. Алайда мақсатына жете алмады. Басшысы бұл істі аяқтатпай өтіп кеткен күнді қою арқылы бала күтімі бойынша демалысқа жіберген.