Егер төсек қатынасы кезінде кез келген нәрсені ойлап, тек ләззат алуды ойлай алмасаң, қайту керек?
Себеп-салдар байланысы
Жыныстық қатынас кезінде көптеген әйелдер өзінің сұлулығы туралы ойланады. Қазір дұрыс бұрылмай қалып, ол бұның сымдай тартылған белін байқамай қалса ше? Әлде, анары оған тым кішкентай болып көрінсе? Сабырға шақырамыз: ерлер әдетте үдеріске берілгені сонша, әйел бойындағы кішігірім кемшіліктерді теріп отырғанға бейілді болмайды. Сондықтан, тыныштал да, ләззат ал!
Тағы бір күрделі мәселе – іштей қобалжу. Үнемі бірдеңені дұрыс жасамадым деп ойлайсыз. Егер тым қатты қысыламын деп, бұл серігіңе ұнамауы мүмкін ғой. Әлде керісінше, ол сізді өте жеңілтек деп қабылдап қалса. Әлде? Ойдың түбіне жеткен ешкім жоқ. Одан да сүйіктіңнің құшағына құлай кету дұрыс. Ал, серіктесіңмен сәйкестілігіңді сараптайтын уақыт табыла жатар.
Қатынас кезінде бөгде ойларға жетелейтін және бір ой – серігіңе деген сенімсіздік. Немесе оған деген жек көрушілік. Ақыл айтудан аулақпыз, дегенмен «тіл алып келуге» бірге бара алмайтын адамның құшағы ыстық бола қояр ма екен?
Оның үстіне жалпы күйзеліс кезінде екеуара оңаша қалу ой тұңғиығына тартып кетуі мүмкін. Бастықпен тәжікелесіп қалсаңыз, есепті уақтылы бітірмесеңіз, ертеңгі тұсаукесердің мәтінін ұмытып қалуға қорықсаңыз... Жұмыстың мәселесін жатын бөлменің сыртында қалдырып дағдыланған абзал.
Артық ойды ұмытамыз
Кей нәзікжадылар мұны тіпті білмейді. Жыныстық қатынас кезінде бірдеңе ойлау дегенді. Олардың құмарлығы тасып, қалауы соншалықты күшті, басқа арнаға бұрып жіберу мүмкін емес. Егер осындай бақытты жандардың қатарынан болмасаңыз, үйренуге әбден болады.
1. Дайындықтан баста. Бірер сағат бұрын ғана кеңседе күні-түні жұмыстан бас алмайтын салмақты, карьерист әйел болсаңыз, күрт өзгеріп, дереу нәзік,
көзінен от шашып тұратын іңкәр жанға айналасыз. Бұл оңай емес. Әртістерге де рөлін толыққанды сомдау үшін уақыт қажет. Біздің сыртқы тұлғалық кейпіміз бізді төсекке дейін шығарып салады. Кейде қатынас кезінде де жібермей тұрады. Алайда, кіріспесін ұзаққа созсаңыз, «қатал бизнес-вуменнен» «ыстық қанды көңілдеске» түрленесіз.
2. Медитативті тәсілдерді қолдану: ыңғайланып отырып, артық-ауыс ойдың бәрін санадан адалап, шығару, ұмыту. Жадыға осы сәтті мықтап түйіп алу керек. Төсек қатынасы басталған мезетте осы күйді еске алсаңыз, сізге ары қарайғы жағдай аса ұнайтыны анық!
3. Керісінше, өз сезімталдығыңызға сенсеңіз де жеткілікті. Ойша жақсы бір нәрсе туралы ойлаңыз. Бұл да көмектеседі.
4. Еркектің көзқарасы рентгеннен бетер. Әсіресе, жүрегінен орын алған қыз болса. Егер сіз оған киімшең ұнасаңыз, киімсіз де ұнарыңыз хақ. Сондықтан, сабырлы болыңыз, сіздің сымбатыңыз ол үшін әлемдегі ең кереметі.
5. Өз сезімдеріңізді құрықтаңыз. Психоанализбен айналысыңыз. Әрине, тек бірге болған кезде емес. Нені уайымдайсыз? Жақындасу кезінде қандай ойлар жиі мазалайды? Серігіңіздің қандай қимылы ұнайды, қандай әрекеті ойды шиеленістіреді? Осы тектес сұрақтарға жауап тапсаңыз, сізге оның көмегі көп болады. Жатын бөлмеге ауысқан кезде, өзіңізді жеңіл сезінетін боласыз.
Дайындаған: Фейса Рахат