Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын", - деп жазды боксшы.
Сондай-ақ ол жалған айып таққандарды сотқа беретінін жариялады.
"Маған таңертеңнен бері миллиондаған хабарлама келді. Өзім де түк түсінсем бұйырмасын. Бұл жалған айып екенін хабарлаймын! Бұл жала! Ақпаратты тексермес жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдерін де сотқа беремін", - деді боксшы.