Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Әлемдік алпауыт компанияда жұмысты әрі қарай дөңгелетіп алып кететін, іскер азаматтар бар деп ойлаймын. Меніңше компания басшысының қазасына байланысты «Қашағанға» деген көзқарас өзгермейді. Өзара қарым-қатынасымыз бұрынғыша қала береді деп сенемін.
Кристоф де Маржеридің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеделхат жолдады. «Кристоф де Маржери кәсіби маман және беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді» делінген Елбасының хатында.