Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы парамен ұсталды


Қаланыңбас құтқарушысы меншік иесінен ғимаратын пайдалануға берілетін рұқсат қағаз үшін ақша талап етіпті. Бір аптадай аңдыған қаржы полицейлері оны параны алып, қайтуға қамданып жатқанда қолға түсірді. Қалтасынан суырып алынған ақшаның жалпы сомасы – 150 мың теңге.  2010-шы жылдан бері осы басқармаға жетекшілік етіп келген Ақан Садықовқа қатысты пара алу дерегі бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Зейнеткерлікке жақындаған жемқордың тағдыры енді сотта шешілмек.