Төтенше жағдайлар департаменті астаналықтарды төбеде қатқан мұздардан сақ болуға шақыады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуіне байланысты көктайғақ пен ғимараттарда мұз жиналған. Осыған орай Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға абай болуға, мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларынан алыс жүруге кеңес береді.

"Ғимараттардан шыққан кезде шатырларда қар мен мұздың жиналуына назар аудару керек. Олардың құлауы мүмкін жерлерден алысырақ жүру керек. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар. Егер сіз жоғарыдан шу естісеңіз жүргіншілер жолында тоқтауға болмайды. Бұл қардың немесе мұздың еруінен болуы мүмкін, сондықтан тезірек қауіпсіз қашықтыққа жүгірген дұрыс", - деп ескертті мамандар.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға көліктерді үйлер мен ғимараттардың маңында қалдырмауға кеңес берілді.


Төтенше жағдайлар төбені тазалау жұмыстары қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылу керектігін еске салады.