Төтенше жағдайлар министрі Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментінің Астана күнін тойлау кезінде азаматтардың қала сыртындағы демалыс орындарына баруын шектеу туралы ұсынысын қабылдамады

"Ал азатататрдың жетінші шақырымнан тысқары шығуына тыйым салу туралы нұсқауыңызға келсек, кешірерсіз, бұл мәселені азаматтардың арқасына аудармай, өз күштеріңізбен шешіңіздер, ең жақсысы, ол жерде демалушыларға нұсқаулар беретін жасақтар қойыңыздар", - деді В. Божко Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментінің төрағасы Берік Құтпановқа қаратып айтқан сөзінде.

"Президент айтқандай, бұл - сіз бен біздің емес, азаматтардың мерекесі. Сол себепті бірінші кезекте азаматтарға жұмыс істейік", -деді В. Божко.