"Алматыдағы супермаркетте болған өрттен кейін мен еліміздегі барлық сауда орталықтары мен базарлардағы өрт қауіпсіздігі құралдарының жұмыс істеу жағдайына, оларды дабыл беру жүйесімен жабдықтауға, өрт кезінде жету мүмкіндіктеріне қатысты қатаң тексеруге тапсырма бердім", - деп мәлімдеді В. Храпунов.
Оның айтуынша, адамдарды оқыс оқиғалар кезінде шығаруға арналған орындарда құрылыс жұмыстары барысында жанғыш материалдар пайдаланылған сауда орталықтарының жұмысын тоқтату мүмкіндігіне дейін қол жеткізу қажет. Бұл орайда Алматы, Астана мен облыс орталықтарындағы сауда орталықтары мен базарларға баса назар аудару қажет. "Төтенше жағдайлар министрлігі бұл тұрғыда қатаң ұстанымда болуға тиіс", - деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті