Төтенше жағдайлар қызметкерлері өз қалталарынан 12 мың теңгеден шығарып жаңа жылдық кеш өткізбек

Төтенше жағдайлар министрінің ашынуы бекер емес. Себебі тұрғындар «аяз болады», «жолдар жабық», «сабақ болмайды» деген хабарламалар мезі қылды деп шағымдана бастаған. Ал  ұялы телефонға тәулігіне кемі бес рет түсетін ескертулер халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған көрінеді. Сондықтан Божко бұған түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

Владимир Божко, Төтенше жағдайлар министрі:


-Түнгі сағат екіде ұялы телефоныма sms түссе міндетті түрде оқимын. Ол мен үшін маңызды. Түсінбеймін, мәселен «жер сілкінеді» деп алдын ескерту жасамасақ, жаппай сынға алады. Ал олқылықты түзесек, тағы жақпаймыз. Мүмкін жіберілген хабарламада сіз тұрып жатқан үй жанып жатыр деген шығар. Ашып оқу қиын ба?