Нақтырақ айтсақ , аталған ведомство төтенше жағдайларға мемлекеттік бақылау және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті , сондай- ақ өртке қарсы қызмет комитеті болып қайта бекітілді.
Төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмаханов Ақтөбеде облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен кездесіп, жаңа комитеттердің облыстық басқарма басшыларын таныстырды. Атап айтқанда, төтенше жағдайларға мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық басқармасын Абай Байжомартов, ал өртке қарсы қызмет комитетін Серік Алтаев басқаратын болады.