"Ағымдағы жылдың 4 айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 25%-ға, қаза тапқандар саны 7 есе өсті", -деді В. Божко.
"Олардан келген материалдық шығын 18,6 есе өсті", - деді ол.
ТЖМ министрі "материалдық шығынның басым бөлігі су тасқыны болған Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде екенін" атап өтті.