Toyota әлемдік автокөлік нарығының көшін бастап тұр


Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, қаңтар-наурыз аралығында Тoyota компаниясы сатқан көлік саны 2,5% қысқарып, 2,52 млн дананы құрады.
Салыстырып қарар болсақ, бірінші тоқсанда Volkswagen 2,49 млн көлік, GM - 2,42 млн машина сатқан.
Тойотаның алға шығуына RAV4 және Lexus NX үлгісіндегі көліктер ен жол талғамайтын тұлпарларға деген сұраныс түрткі болып отыр. АҚШ-та жапондық компания шығарған көліктерді сату көлемі 10% артқан. Ал, RAV4 деген сұраныс бірден 26% өсіпті.
Volkswagen Америка нарығында қиындықтарға душар болып отыр. Оның үстіне, бюджеттік джиптердің жоқтығынан Қытайда аталған компания машиналарына деген сұраныс төмендеп барады.