"Тозақта өртеніңдер": Баян Мақсатқызы Украинадғы жағдайға қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Аталған видеода Ресей Қорғаныс министрлігі өкілінің бейбіт тұрғындарға "оқ атылмайды" деген сөзі келтіріледі, ал кейін шын мәнінде тұрғын үйлерге снаряд түсіп қирап жатқаны және жарақат алып жатқан тұрғындар көрсетілген. 

Баян Мақсатқызы "Бұл бассыздықты бастағанның бәрі тозақта өртеніңдер",- деп жазды.  

Еске сала кетсек, Украинада Ресей әскерінің басып кіргеніне бүгін 8-ші күн болды. Украина президенті Владимир Зеленский қақтығыс басталғалы бері 9 мыңға жуық ресейлік әскеридің мерт болғанын айтуда. Бүгін Украина мен Ресей тараптарының екінші мәрте келіссөздері өтуі тиіс.