Тозығы жеткен баспанасын жөндете алмаған тараздықтар шу шығарды

Амангүл Төртпаева, Тараз қаласының тұрғыны:

- Тағы да ақша жинамаса отопление болмайтын сиякты. 70 квартираның барлығы жылда осындай проблемамен отырамыз ғой. Кондоминимумға документ те, ақша да жинады, өткізді.

Жұрт жауын жауса пәтердің әр бұрышына шелектерді қойып әлек болады. Сыр берген шатырды өз күштерімен жөндеп те көріпті. Бірақ қатты соққан желден соң оны қайтадан жамауға тура келеді екен. Ал кәріз құбырларының істен шығуынан жертөленің ішіне лас су ағып, қазір төмендегі иіс қолқаны қабады. Баспанасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұрт 3 жыл бойы өтініш жазып, әкімдіктің табалдырығын тоздырумен жүр. Тек шенділер селт ететін емес. Оларда «ақша жоқ» еген әдеттегі жауап.

Ғазиз Ералиев, «Тараз тұрғынүй жөндеу» ЖШС директоры:

-Өтініш жасадық. Енді барлығы қаржыға байланысты. Тұрғындар қазірден бастап қаржы жинап, үйлеріне өздері қарауы тиіс. Себебі, биылғы жоспар бойынша оларға кезектің келмейтіні анық.

Loading...