Трактор тіркемесінің бір доңғалағын 3,5 млн. теңгеге сатып алмақ болған


Мұндай сорақылықтарға толы мемлекеттік сатып алулар сайтында 6 балабақшаның азық-түлік бағасын асырып қойғаны анықталды. Мысалы, Павлодарда 50 теңге тұратын нанның бөлкесін білім мекемесі 90 теңгеге сатып алмақ болған. Жұмыртқа бағасы да екі есе артық. Ал «Ертіс орманы» мемлекеттік мекемесінің лоты тіпті миға қонымсыз. Кәдімгі трактор тіркемесінің бір доңғалағын 3 жарым млн. теңгеге бағалаған. Негізінде бағаздағы құны 10 мың теңгеден аспайды.