Тракторды алтыбақан еткен араб көпшілікті таңқалдырды

Видео небәрі 25 секундқа ғана жалғасады. Десе де осы уақыттың өзі қызықты көріністі жеткілікті жекізгендей. Сары топырақ арасынан жасыл трактор кері жүріп барады. Әрі алдына асылған қос жіпке арлы-берлі шайқалып отырған қос адамы бар. Тек техника тізгінінде ешкім жоқ. Ғаламторда қалдырылған ақпаратқа қарағанда, «алтыбақан» тепкендердің біреуі әйел көрінеді. Жай емес, Сауд Арабиясындағы ауыл шарауашылығы саласының лауазымды қызметкері. Аты-жөндері ашып жазылмаған. YouTube-ке түскен көрініс 5 күн ішінде 500 мың рет қаралған. Ал қалдырылған пікірдің дені оны жақтырмағанын жазған. 

Loading...