Мақалада Трамптың Қазақстанның тәуелсіздік алуын ғажайыпқа балағаны жазылған, деп хабарлайды Naryk.kz.
Америкалық сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы ядролық қарулану мүмкіндігі мен қос бүйірдегі Ресей мен Қытайдың ықпалы, Ауғанстан мәселесі, сонымен қатар Орталық Азиядағы діни экстремизм қаупінің жоғарылығы Трамптың Қазақстанмен әріптестікті нығайтуына түрткі болуы тиіс.
Нақтырақ айтар болсақ, Трамп Американың Қазақстандағы ықпалын арттыруы тиіс, дейді сарапшылар.
«Соңғы сегіз жылда Орталық Азия аймағы АҚШ-тың назарынан тыс қалып қойды. Егер Трамп Американың әлемдегі қуатын қалпына келтіргісі келсе, алдымен Қазақстаннан бастауы керек”, – делінген материалда.