Трамп ғарышкерлерді Айға жақын арада аттандыруды ұсынды


Пенс мұндай мәлімдемені АҚШ-тың Ұлттық ғарыш кеңесінің жиыны кезінде айтқан.

Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп мұндай тапсырманы Джим Брайденстайн басқаратын Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасына (НАСА) тапсырған.

Бұған дейін ғарыш агенттігі Айға астронавтарды 2028 жылы жіберуді жоспарлап отырғанын хабарлаған. Кейіннен Трамп Айдағы зерттеуді жылдамдату үшін конгрестен қосымша 500 миллион доллар қаржы сұрайды деген мәлімет тарады.