"АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деп үміттенеміз", - деді Трамп.
Басылымның мәліметінше, Дональд Трамп өз сөзінде Қытай мен Ресейге санкция енгізуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, АҚШ президенті Иранға қатысты пікір білдірді. "Иран үкіметі өздерінің сыбайласқан диктатураларын жалған демократиямен жасырып отыр", - деді Трамп.