Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда Дональд Трамппен Вашингтонда келіссөз жүргізеді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"Телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының үшінші отырысында.

Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтып кетті.


«300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді. Олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар - мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», - деді Назарбаев.