Трамп Қытайға сауда соғысын жариялап, 100 млрд тұратын тариф енгізбекші

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қытайдың әділетсіз әрекетіне қарсы АҚШ сауда өкіліне қосымша 100 млрд доллар көлеміндегі тауарға тариф енгізуді тапсырдым» деді президент. Бұған дейін АҚШ 50 млрд доллар тұратын Қытай тауарына тариф енгізіп, Вашингтон ғалымдарынан интеллектуалдық идея ұрлады деп Пекинді айыптаған болатын. Бірнеше сағаттан соң Қытай жауап ретінде АҚШ-тан келетін тауарларға тура осылай, 50 млрд доллар көлемінде тариф енгізіп, өш алған. Ал сауда соғысы АҚШ жыл басында болат пен альюминийге тариф енгізген соң өршіді.

Аталған әрекеттер аз болғандай, Ақ үй басшысының жаңа мәлімдемесі - 100 млрд доллар тарифін енгізу туралы жоспары әлем сауда нарығына қауіп-қатер төндіруде. Тіпті, Трамптың өзі мүше республикалық партия мүшелері мен бизнес өкілдері шошып, теріс пікір айтуда. Небраска сенаторы Бен Сассе президент әрекетін «сауда саласындағы ең «топас» әрекет» деп бағалады. «Президент ашуланып, қайта-қайта бу шығарып отыр, егер ол сәл де болсын ақылға салып, осылай десе, онда есінен алжасқан екен... Қытайдың көптеген айыбы бар, алайда президенттің басқа амалы жоқ. Ол қазір жеңе алмайды. Тек америкалық ауыл шаруашылығына кесірін тигізеді», - деді сенатор.

АҚШ Үкіметі апта басында 1 300 Қытай тауарына тариф енгізген болатын, олардың қатарында теледидар, ыдыс жуатын машина, принтер, т.б. заттар бар. Ал Қытай болса, АҚШ ірі компанияларынан тасымалданатын тауарларға және соя бұршақтарына тариф енгізіп жіберді. «Қытай интеллектуалдық идея ұрлағанын мойындаудың орнына, біздің фермерлер мен өнім өндірушілерге зардабын тигізді» деп Трамп әбден ашуланды. Ал АҚШ сауда өкілі Лайтхайзер: «Қытай ауыл шаруашылығы өнімдеріне де тариф енгізгендіктен, америкалық фермерлер мен жұмысшылар зардабын көреді. Сондықтан президент қосымша тариф енгіземін деп ескертті, бұл әділетсіз акт, саясат және тәжірибені жою үшін өте орынды жасалған ескерту» деді.

Қытай Үкіметі болса, әліптің артын бағатынын дәлелдеп отыр. Осы аптада сауда саласында АҚШ не істесе де, өздерінің бірдей дәрежеде жауап беретінін мәлімдеген болатын. «Біз Қытай сауда соғысын бастамайды деген едік. Бірақ біз АҚШ-тан қорықпаймыз. Тариф енгізуден бас тартпаса, біз де жауап береміз» деді Пекиндегі Сыртқы істер министрлігінің өкілі.


Ақ үй басшысының соңғы мәлімдемесінен соң фьючерс 300 пунктке құлады немесе ол 1,3% көрсеткішін білдіреді. Ал Ақ үйдің Ұлттық экономикалық кеңес директоры Ларри Кудлоу журналистерге президенттің жай ғана ескерту жариялағанын, 100 млрд тарифін әлі енгізбегенін атап өтті. Трамп сөзіне азиялық фонд нарығы да аса қатты мән берген жоқ. Гонконгтағы акция кеше нарық жабылған соң, 1 пайызға қымбаттады. Ал Қытай материктік биржасы бүгін жабылды.

Оқи отырыңыз:

WBC президенті тағы да "Канелоны" қорғаштады

Қазақстандық режиссер Африкада бейнебаян түсірді

«Мені жабылып ұрғанда аядың ба»? Қазақ жігіттері бір-бірін аяусыз соққыға жықты