Трамп ядролық күштерді дайын ұстауға тапсырма берді

АҚШ президенті Дональд Трамп тиімді тежеу мен одақтастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс министрлігі басшысына елдегі ядролық күштерді зерттеуді тапсырды деп хабарлайды РИА Новости.



"Қорғаныс министрі АҚШ-тың ядролық тежеуі заманға сай, мықты әрі кез келген сәтте дайын болып, ХХІ ғасыр қауіп-қатеріне төтеп беріп әрі одақтастарымызды қорғайтындай болу үшін ядролық күштердің қалпын тексеретін сараптама жүргізуі тиіс", — делінген жұма күні АҚШ басшысы қол қойған құжатта. Бұдан бөлек, Пентагон ПРО жүйесіне сараптама жүргізеді, бұл АҚШ мүддесінің балансын қамтамасыз етіп, негізгі қаржыландыру салаларын анықтап беретін болады.