Caravan Logo

Трамп журналист әйелді азғындау ісі бойынша кінәлі деп танылды

Трамп журналист әйелді азғындау ісі бойынша кінәлі деп танылды

Қазылар алқасы 1996 жылдың көктемінде Кэррол саясаткер тарапынан азғындыққа ұшыраған деп тапты.

Трамп әйелге қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар саясаткер Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы тиіс.

Трамптың өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.  

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір әйел – 81 жастағы кәсіпкер Джессика Лидс Трамп тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген.

Сондай-ақ 2016 жылы 11 әйел Трампты жыныстық қудалау жасады деп айыптады. Саясаткер сол кезде бұл айыптарды президенттік сайлаудағы қарсыласы, Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонның мүддесі үшін қолдан жасалған деп атады.