Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы тағы төмендеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Brent маркалы солтүстік теңіз қоспасының фьючерстері барреліне 82,68 доллардан саудаланып жатыр, ал бір күн бұрын мұнай бағасы 84 долларлық межеге жеткен болатын. WTI маркасы да арзандап, кешегі барреліне 81 доллардан 80,63 долларға дейін төмендеді.

ICE биржасы сайтынан скриншот

Бағаның күрт төмендеуі 14 маусымда АҚШ пен Иранның бейбіт келісім жасағаны туралы мәлімдемесінен кейін басталды. Ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади растады.

Келесі күні Трамп Ормуз бұғазы қазірдің өзінде ішінара ашылғанын, ал жұмада толықтай ашылатынын мәлімдеді. Бұл ретте АҚШ президенті мұнай бағасы қарқынды төмендегеніне қарамастан, қор нарығы "бүгін зымыранша көтеріліп", рекорд көрсеткіштерге жеткенін атап өтті.