Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының отырысы қазанда Алматыда өтеді

"Отырыста өзара мүдделер теңдігі мен ұзақ мерзімді перспективалардың негізінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері мен аталмыш өзендердегі іс-қызметті реттейтін құжаттардың жобасы қаралады",- деп бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті.

Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы 2003-жылы жұмыс істей бастаған. Ол ротациялық тәртіппен қазақстан мен Қытайда алма-кезек жиналады. Комиссияның үшінші отырысы 2005-жылдың қазан айында Шанхайда өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті