Траншеяға тағы да адам тірідей көміліп қалды


Белгілі болғандай, тереңдігі екі метр траншея қазылып, онда құбыр тарту жұмыстары жүріп жатқан. Кенеттен шұңқырдың жаны опрылып, сол маңда тұрған азамат түбіне бір-ақ құлаған. Үстінен үйліп тұрған шағал тас сырғанап, басып қалған. Ал, оның қасындағы әріптесі ажалдан қашып үлгерген екен.