"Бұл міндетті шешу ТМД көлік коммуникацияларындағы террористік тәуекелділікті төмендетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, осы транспорт жүйелерін ортақ әлемдік нарыққа тиімді біріктіре алады",- деді А. Новиков.
Оның пайымдауынша, ТМД біртұтас көлік саясатын әзірлеу және жүзеге асыру осы сияқты лаңкестікпен күресудің біртұтас саясатымен қатар жүруге тиіс. Бүгінгі күндегі ең өзекті міндет, А. Новиковтың айтуынша, күш шешімдерінің экономикалық және технологиялық кешімдермен үйлесуі, сондай-ақ терроризммен тиімді күресте мүдделі тараптар қатарын кеңейту болып табылады.
Антитеррорлық орталық басшысы сондай-ақ, қазір ТМД транспорт нысандарындағы қауіпсіздіктің техникалық стандарттарын унификациялауды транспорт кәсіпорындарының өздері белсенді жүргізуде. Сонымен қатар ТМД елдері транспорт нысандарының контртеррористік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның инфрақұрылымын автономдық режимде шешілуде, деді А. Новиков. Ол сондай-ақ транспорт инфрақұрылымдарының бәсекелестігі оның террористік қауіптен қорғалуына тәкелей тәуелді.
А. Новиков, қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммитінде мемлекет басшылары Достастықтың экономикалық басымдылықтарының қатарынан транспорт саласындағы өзара ықпалдастықты дамытуды, соның ішінде Достастық кеңістігіндегі халықаралыө транспорттыө дәліздер желісін құруды атап көрсетті",- деді Антитеррорлық орталық басшысы.
"Антитеррор: кешенді көзқарас" атты ғылыми-практикалық конференциясы Мәскеуде "Интерполитех" 11-ші халықаралық көрмесі аясында жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті